Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Арал ауданы әкімдігінің аппарат басшысы тағайындалды

 Арал ауданы әкімдігінің аппарат басшысы тағайындалдыАрал ауданы әкімінің 2015 жылғы 6 қарашадағы № 425-ө санды өкімімен «Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына Бохаев Нұрмұхамет Омарұлы тағайындалды.
Бохаев Нұрмұхамет Омарұлы – 1985 жылы 18 наурызында Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2004-2007 жылдар аралығында Қазақ гуманитарлық заң университетін, «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006-2007 жылдары ««Қызылордажер» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының заңгер-кеңесшісі болып бастаған.
2008-2010 жылдар аралығында Қызылорда қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің заңгер және бас маман қызметтерін атқарған.
2010-2013 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің бас инспекторы, сектор меңгерушісі және бөлім бастығы.
2013-2014 жылдары Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы. 2014 жылдан бастап осы кезге дейін «Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді. Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп келеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: