Бүгін аудан әкімі Абзал Сансызбайұлы газ құбырына қосылған үйлерді аралап көрді. Наурыз айында басталған Арал қаласында газдандыру жұмыстарының 95 пайызы орындалған.
Дегенмен де жеке тұрғын үйлерге тарту үшін тұрғындар тарапынан әлі күнге дейін белсенділік болмай отыр. Қаржы жоқтан емес, әр түрлі алып-қашпа әңгіменің салдарынан. Десек те қала тұрғыныдары Оразғали Құрмырзаев пен Құдайберген Нұрболатов көгілдір отынның рахатын көріп, қыс басында жаз сезініп жүргендеріне бір айға жуық уақыт болған. Монтаж жұмыстары да қалтаға қонымды қаржымен орындалған. Аудан әкімі Абзал Сансызбайұлы тұрғындардың қуанышына ортақтасып, қарқынды жұмыс жасап жатқан мердігер компанияларға алғысын білдірді.