Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облысында 210 мың адам газға қол жеткізбек

Қызылорда облысында 210 мың адам газға қол жеткізбекОблыс әкімдігі мен «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ арасында жасалған меморандумға сәйкес, аталған компания аймақты газдандыру ісіне 23 млрд. теңге көлемінде инвестиция салып отыр. Биылғы жаздың өзінде Арал қаласы, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттері мен Байқоңыр қаласы "Бейнеу-Бозой-Шымкент” магистральды газ құбырына жалғанатын болады.
Бұл елді мекендерде 210 мың адам өмір сүреді. Сонымен бірге 2016-2017 жылдары Сексеуіл, Жосалы, Қамыстыбас, Жалағаш және Тереңөзек кенттерін көгілдір отын желісіне қосу үшін 4 АГРС құрылысына қажетті 10 млрд теңге бөлу туралы келісімге қол жеткізілді. Аталған елді мекендерде 60 мыңға жуық тұрғын бар.
Осылайша, бірінші кезекте Қызылорда облысының барлық аудан орталықтары мен ірі елді мекендері газбен қамтамасыз етілетін болады. Бұл туралы Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті сессиясында айтылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: