Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2014 жылғы желтоқсанда өткен аймен салыстырғанда 1,5%-ға, 2013 жылғы желтоқсанмен – 9,2%-ға өсті.
Облыстық статистика департаментінің мәліметіне сүйенсек, оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 22,0%; сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 16,7%; жемістер мен көкөністерді –11,0%; нан және жарма өнімдерін –7,8%; қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,5%-ды құрады.