Байшоқы кесенесі Арал ауданы, Ақшатау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 1,5 шақырым қашықтықта орналасқан. Ол жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш санатында.
Ескерткіштің диаметрі 6,6 м, сақталған биіктігі 3,3 м. Кесене бір камералы, орталықасты, күмбезге жалғасып жатқан, жоспары жағынан дөңгелек негізгі көлемді, қалау құлауы камераның еденінен басталады. Тік иықты және баспалдақты қақпамен жабылған кіреберіс ойық, оңтүстік-батысқа бағытталған.
Кесененің төменгі бөлігі (екінші ойықтың ортасына дейін) үлкен көлемді кірпішпен салынған, жоғарысындағы кірпіштер стандартты, барлық кірпіштер радиалды қойылған (интерьерде сылақ пен ақтаудың қалдықтары сақталған, олар арқылы сұр түспен тік жолақты түрде «шырша» тәрізді оюлар салынған, сылақ күмбездің ішіне кіріп тұр. Құлпытас қалдықтары табылмаған. Күмбездің жоғары бөлігі толығымен қирап қалған.