Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды

«Өрт – тілсіз жау». Адам өміріне тікелей араша түсетін тәртіп сақшыларының әр күні қауіпке толы.


Қызылорда қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция бекет қызметкерлері аймақтың тыныштығын қамтамасыз ету кезінде Шұғыла мөлтек ауданының көпқабатты пәтерлерінің бірінде балконынан өрт шығып жатқандығын байқаған. 
Дереу жылдамдық танытқан, басқарманың патрульдік полиция взвод командирі полиция капитаны Әбдіманапұлы Бақберген және полиция лейтенанты Есенбай Бақытжан полиция лейтенанты Бердіхан Әлішер пәтерге  дер уақытында жетіп, өрт шыққан пәтерден  тұрғындарды эвакуациялап, аман-есен алып шыққан. 
Тәртіп сақшысы тілсіз жаудың ортасынан 47 және 37 жастағы қала тұрғындарын өрттен құтқарып қалды. Полицейлер өрт сөндіру қызметі келемін дегенше өртті өздері сөндірген. Тұрғындарға жедел-жәрдем шақыртып,  алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Үй иелері зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.
«Адамдарды апаттан құтқарып қалу – біздің қызметтік те, азаматтық та парызымыз. Біз сол сәтте ерлік жасайық, көзге түсейік деп ойлаған жоқпыз. Бар мақсатымыз – адамдарға көмектесу»,  – дейді Бақберген Әбдіманапұлы.
Өрт болған үйдің тұрғындары апатты жағдайдан аман қалғандарына қуанышты. Бұл оқиға полиция қызметкерлерінің де қарапайым адамдарға кез келген қиын сәтте көмекке келе алатын кәсіби дайындықтарын тағы да дәлелдеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: