Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Елімізде ұлттық халық санағының I кезеңі өтті

1-30 маусым аралығында ұлттық халық санағының I кезеңі өтті. Тұрғынжайлар, тұрғын үйлер, ғимараттар және тұрғын емес үй-жайлар тізімдерін жасау жұмыстары толығымен аяқталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекеева мәлімдеді. 
I-кезеңдегі сұқбатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, әрбір санақ учаскелеріне облыстық ішкі істер департаментінің учаскелік инспекторлары бекітілді. Санақ  жұмыстарына жастарды тарту мақсатында көбінесе облыстық «Жастар ресурстық орталығында» жұмыссыз тіркелген жастар мен студенттер тартылды. 
«Алдағы II кезеңіндегі санақ жұмыстарына 1113 адам тартылатындығын және ол адамдардың планшетпен жұмыс жасай алуы керектігін ескерсек,  жұмыспен қамту орталығы мен қала және аудан әкімдерінің үлкен көмегі керектігін баса айтқым келеді. Санақтың  II-кезеңі 1қыркүйектен - 30 қазан аралығында тұрғындарды жаппай халық санағынан өткізу жұмыстары жүргізіледі. 1 қыркүйектен 15 қазан аралығында онлайн режимінде, 1-30 қазан аралығында планшет құрылғысымен», - деді М.Баекеева.  
Айта кету керек, халықтың санаққа белсене қатысуы өте маңызды. Санақшының қойған сұрақтарына дұрыс жауап беру әр азаматтың міндеті, санақ нәтижелері үй шаруашылықтарының жағдайларын, отбасылық қатынастарды жақсарту, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін, халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу үшін, сонымен қатар білім, жұмыспен қамту, туу және көші-қон мәселелері бойынша шешімдерді қабылдау үшін қажет.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: