Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Дерттің алдын-алу үшін вакцина салдырған абзал

Бүгінде  Қазақстанның басым көпшілігі «Қызыл» аймақта. Өкінішке орай, біздің облысымыз да қауіпті өңірлердің қатарында. Сондықтан да тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамыз, деді Облыстық психикалық денсаулық орталығының медицина қызметкері Анар Жүнісқұлова Өңірлік коммуникациялар қызметінде  өткен  баспасөз конференцияда. 
“Өткен  жылы пандемия тұсында облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандары «Сейхун» провизорлық стационарда еңбек етті. Бір айдан астам уақыт ішінде біз 1000-ға жуық науқасқа көмек көрсеттік. Тынысы тарылып, ауа жетпеген, өкпесі қысылған жандарды ажалдан арашалап қалдық. Бірінші толқын кезінде дәрі-дәрмек тапшылығы мен ИВЛ аппаратының жеткілікссіздігі сезілді. Бұл проблемаларға қарамастан медицина саласының мамандары абыройлы еңбек ете білді. Ендігі мақсат – осы жағдайдың қайталануын болдырмау. 
Мен вакцинаның екі компонентін де толық қабылдадым. Бүгінде өзімді жақсы сезінемін. Біз жұмыс бабында коронавирус індетіне шалдыққандармен тікелей байланыстамыз. Қазір облыстық психикалық денсаулық орталығы жанынан инфекциялық стационар қызмет көрсетуде. 
 Коронавирустың мутацияланған түрі – «Дельта» штамның қауіптілігі өте жоғары болып тұр. Көбіне симптомдары тұмауға ұқсайды. Егер дене қызуыңыз көтеріліп, бас ауруы мазаласа дереу дәрігерге жүгіну керек. Жалпы, бұл дерттердің алдын-алу үшін вакцина салдырған абзал. Қазір екпе егу пунктері қаламыздағы емханаларда және сауда орталықтарында бар. Сондай-ақ көшпелі мобильді топтар да жұмыс жасап жатыр", -  деді сала маманы Анар Төлебайқызы Өңірлік коммникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында.   
Саулық – сақтықта екенін ұмытпайық.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: