Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Кортежге қатысушылар 23 құқық бұзушылық жасады

Кортежге қатысушылар 23 құқық бұзушылық жасадыАғымдағы жылдың 3-4 қазанында Қызылорда облысы көлемінде той салтанатының автошеруіне қатысушылармен орын алатын жол апаттарының алдын алу мақсатында «Кортеж» рейдтік іс-шарасы ұйымдастырылды. Бұл жөнінде облыс әкімдігі баспасөз қызметі мәлім етті.
Онда жол қозғалысы қатысушыларына тудыратын қауіптілікті болдырмау, көшелерде кептеліс жасап, дыбыс сигналын бей-берекет басу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін  анықтауға мән берілді. «Кортеж» рейдтік іс-шарасына Қызылорда ҚІІБ жол-патрульді полиция батальоны қызметкерлері қатыстырылып,  аталған шара 2 күнге жалғасты.
Екі күндік рейд барысында жол қозғалысы ережелерін бұзған автошеруге қатысушы 23 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Атап айтқанда, қауiпсiздiк белдiктерiмен жабдықталған көлiк құралдарымен жүру кезiнде қауiпсiздiк белдіктерiн тақпағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 593-1-бабы) – 10 азаматқа, белгіленген жүру жылдамдығын шамадан тыс арттырғаны үшін (ӘҚБтК-нің 592-1-бабы) – 1 азаматқа, көлік құралын басқару кезінде телефонды не радиостанцияны пайдаланғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 591-1-бабы) – 3 азаматқа, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларына сай келмейтін көлік құралдарын басқарғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 590-5-бабы) – 2 азаматқа, көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 597-1-бабы) – 1 азаматқа, жол жүрісі қағидаларының жаяу жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 600-1-бабы) – 1 азаматқа, жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 601-1-бабы) – 1 азаматқа, сыртқы жарық түсіру аспаптарын және дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал беру қағидаларын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 602-1-бабы) – 3 азаматқа, өзімен бірге жүргізуші куәлігі немесе жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігінсіз көлік құралын басқарғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 612-1-бабы) – 1 азаматқа әкімшілік шара көрілді. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жол қозғалысы талаптарын сақтап, өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіпті жағдай туғызбау жайлы  түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: