Қызылордада есірткі еккен күрішші көше тазалап жүр
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қарасты Сырдария аудандық пробация қызметінің есебінен 2020 жылдың 12-айында 10 сотталғанға қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалып, оның 9-ы жазаларын өтеп,есептен шығарылды.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, қазіргі таңда бір азамат жазасын қоғамдық жұмыс арқылы өтеуде. Ол азамат жасырын түрде есірткі екен. Сол үшін оған аудандық соттың қаулысымен 300 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалған. Соттылыққа дейін күріш егумен айналысқан азамат қазіргі уақытта туған ауылын абаттандыру, көше тазалау жұмыстарын жасап жүр.
Аудандық пробация қызметінің бастығы аға инспекторы Асылжан Сақыбековтың айтуынша бұл азамат күніне 4 сағат ауылдық әкімдік белгілеген жұмыстарды жасайды. Яғни, ауыл көшелерін қардан тазалап, қоқыстарды жинап, қолымен жасаған жазасын осылай өтеп жатыр. Пробация қызметкерлері мен ауыл әкімдігінің мамандары бұл азаматқа жаза өтеудің тәртібі мен міндеттері түсіндіріп, қайта қылмысқа бармау сот жүктеген міндеттерді орындау басты міндет екендігін жіті түсіндіріп, профилактикалық жұмыстар жүргізуде.