Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Биыл Аралда газ мәселесі шешіледі

Биыл Аралда газ мәселесі шешіледіБиыл Арал тұрғындары "көгілдір отынның" игілігін көреді. Бұл туралы «ҚазТрансАймақ» АҚ-ның Арал ауданындағы өкілі Мұхтар Әнесов мәлімдеді. 
Арал қаласына жүргізіліп жатқан автоматтандырылған газ тарату станцасы мен квартішілік жоғарғы, орташа, газ реттеуіш пунктерінің, газ таратушы шкафтарының құрылыстары өз мәресіне жетіп қалды.
Сонымен қатар, тура бір ай бұрын Арал қаласындағы жеке тұрғын үйлерді, кәсіпкерлік субъектілердің нысандары мен тағы да басқа объектілерді газ желісіне қосу мақсатында өтініштер қабылдау басталып, қазіргі таңда 40 тұрғын үйге газ құбыры мен қондырғылары монтаждалды. Өтініш бергендердің саны 400-ге жақындады. Жеке тұрғын үйлерді газдандыру мәселесіне келетін болсақ, өтінішпен қоса құжаттарды тапсырғаннан кейін, бірінші кезекте монтаждау жұмыстарын жүргізу қажет. Бекітілген есептемелерге сәйкес, тұрғын үйді газдандыру орта есеппен 25 метр газ құбырына материалдарын, жұмыстары мен қызметтерін қоса есептегенде (ПСД, врезка, пуск, наладка, доставка, установка газового оборудования, приемка в эксплуатацию) ҚҚС-мен 134235 теңгені құрайды. Егер жоба (проект) бойынша үйге тартылатын газ құбырының ұзындығы 25 метрден аз болса, монтаждың құны азаяды, ал мысалы, құбыр ұзындығы 30 немесе 40 метр құраса, тиісінше баға да өседі.
Газ есептегіш құралының бағасы ҚҚС-мен 9289 теңгеден басталады. Газдандыру пешінің бағасы (котел) тұрғын үйдің көлеміне байланысты 80872 теңгеден басталады. Сонда 25 метрлік газ құбыры жүргізілген, газ қондырғылары орнатылған орташа үйге 224396 теңге қаржы жұмсалады. Сонымен қатар, отбасының, мекеме-ксәпіорын ұжымдарының қауіпсіздігі үшін газ дабылқаққыш қондырғысын (сигнализатор загазованности) алып, орнатуы міндетті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: