Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жиырма жасында кәсіпкерлікті бастаған Жасұлан


Қызылорда қаласына қарасты Қараөзек ауылының тұрғыны, жас кәсіпкер Жасұлан Қуанышов 20 жасында мал шаруашылығын қолға алған ол сан түрлі қиындықты да, жетістікті де басынан өткеріп, істеген ісінің нәтижесінен сабақ алуды да жақсы меңгерген.
Ол мемлекет ұсынған бағдарлама арқылы 2 млн 300 мың теңге несие алады. Осылайша шаруа қазір мал басын көбейтіп, өз кәсібін дөңгелетуде. Алынға несиеге ол 8 бас мүйізді ірі қара алған. Бүгінде олар төлдеп, мүйізді ірі қара көбеюде. Жасұлан төрт-түлікті негізінен қыстауда ұстайды. Таңертең тірлікке ерте кірісіп, сауған сүтін қалаға сатады екен.
– Мемлекет көмегімен кәсібімді кеңейтсем деген мақсат жолымды ашты. Менің атам қой баққан, ал әкем жылқы баққан. Осылай әке жолымен мен де жиырма жасымда осы шаруаға келдім. Бүгінде інім екеуміз шаруашылықты жүргізіп жатырмыз десем де болады. Мүйізді ірі қара күніне екі мезгіл сауылады. Жалпы, төрт-түлік қыста қыстауда, жазда жайлау жайылады, – деді Жасұлан.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: