Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалы бюджеті аудандар арасында алға шықты

Қазалы аудандық қаржы бөлімі мен аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі 2014 жылы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы алқа мәжілісін өткізіп, бөлім басшылары хабарлама жасады.

 

Қазалы бюджеті аудандар арасында алға шықты

 

Өткен жылы аудан бюджетінің кірістер бөлігі 10 млрд. 355 млн. теңгеге жоспарланып, 100,2 пайызға орындалған. Оның ішінде өз кірістеріміз 1,6 пайызға артық  орындалып, 2013 жылмен салыстырғанда 125 млн. теңге түсім артық қамтамасыз етілді.  Бұған салық салу базасын кеңейту бағытында жүргізілген жұмыстардың нәтижесі де үлкен септігін тигізген.
Бюджеттің шығыстар бөлігі 10 млрд. 478 млн. теңгені құрады, 10 млрд. 410 млн. теңгеге немесе 99,4 пайызға орындалды.Облыстық басқармалар арқылы ауданда іске асырылатын инвестициялық жобалар - білім, денсаулық, спорт, мәдениет нысандарының құрылысын салу және инфрақұрылыммен жабдықтау жобаларын қаржыландыруға 2015 жылы 3 млрд. 273 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді.  2013 жылмен салыстырғанда 1 млрд. 446 млн. теңгеге немесе 1,8 есеге өсті.
Сонда былтырғы жылы аудан бюджетінің жалпы көлемі аудандық бюджет пен облыстан тікелей қаржылындырылып отырған құрылыстарды есептегенде 13752 млн. теңгені құрап отыр, бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 1767 млн. теңгеге артық.
2014 жылғы аудан бюджеті көлемі жағынан облыс бойынша Қызылорда қаласынан кейінгі I орында болды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: