Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ШИЕЛІДЕ 570 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

ШИЕЛІДЕ 570 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫШиелі ауданында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 527 азамат, 1190 млн. теңгенің шағын несиесін алып кәсібін ашты.
Бұл бағытта 570 жаңа жұмыс орындары ашылды. Ресми деректерге сүйенсек, аталмыш бағдарламаның бірінші бағыты аясында аудан көлемінде 37 жоба іске асып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Тұрғындардың әлеуетін көтеріп, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге септігін тигізетін бағдарлама аясында 269 жас азамат қайта даярлау курстарынан өтіп жаңа мамандық иегері атанса, 53 азамат өз біліктіліктерін арттырған. Қайта даярлау курсынан өткен және біліктілігін арттырған азаматтар толығымен жұмыспен қамтылды. Кәсіби мамандық алған 617 азаматтардың 72,2 пайызы жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарын құру арқылы жұмыс ашқан 303 мекемеге 952 жұмыссыз азамат жіберіліп, 548 тұрақты жұмысқа орналасқан. Оқу бітірген азаматтарды тәжірибе жинақтау үшін 6 айлық жастар тәжірибесіне 772 азамат жіберіліп, 181 тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: