"Жұмыспен қамту 2020" жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша өткен жылы 4 ауылдық клубқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 22 адам уақытша жұмысқа тартылған болатын.
Бағдарламаның екінші бағыты арқылы шағын несие алуға ниет білдірген 38 жұмыссыз, мүгедек, табысы аз азамат несие алды. Бағдарламаның үшінші бағытымен кәсіби даярлауға қабылданған 93 адам оқуын аяқтап, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі арқылы барлығы тұрақты жұмысқа орналасты.