Азаматтардың конституциялық құқықтарын, оның ішінде еңбек құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылатыны белгілі. Аталған құқықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында облыстық прокуратурамен ағымдағы жылы оңды жұмыстар атқарылып, нәтижесімен 32 заңды тұлғаның 9 мыңнан астам қызметкерлері алдындағы 726 млн. теңге жалақы қарыздары төленген.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, еңбек заңнамасын бұзған 47 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан жалақыдан қарыздары бар ұйымдардың саны 12-ден (1116 қызметкерге) 2 ұйымға (138 қызметкерге), жалпы қарыз сомасы 49 млн. теңгеден 13,3 млн. теңгеге төмендеді.
Оның 1 («Қалжан Ахун» шаруа қожалығы) банкрот деп танылуына байланысты атқарушылық құжаттары конкурстық басқарушыға жолданса, 1 («Миг-21» ЖШС) Қызылорда экономикалық сотының 17.10.2014 жылғы шешімімен банкрот деп танылған.
Бұл ретте осы салада бақылауды жүзеге асыратын Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының (бұдан әрі - басқарма) қызметінде кемшіліктердің (жүргізілген прокурорлық тексерулердің нәтижесінде басқарма тарапынан жалақыдан қарыздары бар мекемелер жөнінде мүдделі органдарға дұрыс емес, дәйексіз ақпараттар ұсыну деректерінің орын алғаны анықталды) орын алғанын, аймақта жалақы қарыздарын өндіру жұмыстары негізінен прокуратура органдарының пәрменімен жүргізіліп отырғанын атап өткен жөн.
Басқарма қызметінде орын алған кемшіліктер бойынша облыс әкімдігіне прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.