Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АТА-АНАЛАР МЕН САҚШЫЛАР ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРТІБІН ТАЛҚЫЛАДЫ

АТА-АНАЛАР МЕН САҚШЫЛАР ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРТІБІН ТАЛҚЫЛАДЫҚармақшы ауданының орталығы – Жосалы кентінде орналасқан №250 мектеп-лицейінде Қармақшы АІІб мен жергілікті билік өкілдерінің қатысуымен жасөспірімдер арасындағы топтық төбелестің, жасөспірімдермен жасалатын қылмыстардың, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған аудан көлемінде ата-аналар жиналысы өтті. Бұл жөнінде облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Аталған жиынға Қармақшы АІІб Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция майоры Ғ.Нагиев қатысып, 2015 жылдың 12 айында ювеналды полиция тобымен атқарылған жұмыстар жайын баян етті. Жалпы, жасөспірімдермен жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Жасөспірім», «Балалар түнгі қалада», «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» т.б. профилактикалық іс-шаралары жүзеге асырылып келеді.
Дегенмен де, құзырлы органдармен жасалып жатырған түсіндірме жұмыстарына қарамастан, өткен жыл көлемінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде жүрген 196 жасөспірімге, 21 жасқа толмаған адамға алкогольдік ішімдік сатқан 2 азаматқа, кәмелет жасына толмаған жасөспірімнің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 3 азаматқа, балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған 3 азаматшаға қатысты хаттама толтырылып, аудандық сот үкімімен тиісті шара көрілді. Қаңғыбастылыққа салынған 4 жасөспірім Қызылорда қаласындағы бейімдеу орталығына жеткізілді. Сөз соңында Ғ.Нагиев «Қазақ елінің болашағы – жастар» екенін тілге тиек етті. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: