Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сыр өңірінде 6852 түлек мектеп бітірді

Сыр өңірінде 6852 түлек мектеп бітірдіБүгін, 25 мамырда мектеп бітірушілердің өміріндегі ең маңызды сәт – «Соңғы қоңырау» салтанаты еліміздің барлық аймағында бір мезетте өткізілуде. Қызылорда облысында биыл 6452 жас түлек алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге қадам жасамақ. Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев қаладағы №198 орта мектебі мен Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен соңғы қоңырау салтанатына қатысып, жас түлектерге өзінің жылы лебізін білдірді.
- Бүгінде Егеменді Қазақстанда сіздердің сапалы білім алуларына барлық жағдай жасалып жатыр. Өткен жылы ҰБТ-дан табысты өткен 240 көп балалы және тұрмысы төмен отбасының балалары облыс әкімінің білім грантына ие болды. «Серпін-2050» әлеуметтік бағдарламасымен 300-ден астам бала ЖОО-на оқуға түсті. Сонымен қатар, алғаш рет Қызылорда қаласында Москва ұлттық технологиялық зерттеу университетіне (МИСИС) қабылдау емтиханы жүргізілді. Ресей мемлекетінің маңдай алды ЖОО-на талапкерлер бюджеттік негізде оқуға ие болуда. Осының барлығы да сіздердің келешекте бәсекеге қабілетті білікті маман болып қалыптасуларың үшін жасалып жатқан шаралар, - деген облыс әкімі алдағы сын сағаттан сүрінбей өтіп, армандаған мамандықтарыңның иесі атануларына тілектестегін білдірді. 
Облыста биыл 292 мектептен 4303 мектеп бітіруші түлек ҰБТ-ға қатысады. Олардың 227-і алтын белгіге, 69-ы үздік аттестатқа үміткер. Айта кетейік, биыл облысымыздың дарынды 84 оқушысы Қазақстан, Ресей, Бразилия, Оңтүстік Корея мемлекеттерінде өткен Халықаралық олимпиадаларға, ғылыми жарыстарға қатысып, 46-сы жүлделі орындарды иеленді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: