Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жапон елшілігінің өкілі Аралда болды

Жапон елшілігінің өкілі Аралда болдыАрал ауданының әкімі Абзал Мұхимовтың қабылдауында Жапонияның Қазақстандағы елшілігінің үшінші хатшысы, «Корни травы» бағдарламасының үйлестірушісі Марико Сан Цунокаке болды. 
Жапон елінің халықтық әлеуметтік жай-күйін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жобаларды іске асыратын «Корни травы» бағдарламасы Қазақстанда 1997 жылдан бері жүзеге асырылуда. Бағдарламаның мақсаты үкіметтік емес ұйымдардың аурухана, мектеп, тағы басқа әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеуден өткізуге және салуға жасалған жобаларына өтеусіз қаржылай көмек көрсету.
Ауданымызға келген мәртебелі мейман өңірдің басшысымен бірлесе отырып бағдарлама аясында алда атқарылар жұмыстарды пысықтады. Марико Арал теңізі жанындағы экологиялық қормен жасалған жұмыстарды өз көзімен көруді мақсат еткендігін де атап өтті. Сапар барысында құрметті мейман Аралдың тарихымен, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысып, ұсыныстарды тыңдап, пікірлесіп қайтты.

 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: