Қазалыда тігін цехы мемлекеттік бағдарлама игілігін көрді
Тігіншілік кәсіп – нақты жоспар мен ұымдастыруды талап ететін бизнес. Мұндай цех, ателье ашу жайлы ой көп адамның басына келгенмен, жобаны сәтті жүзеге асыру оңай шаруа емес. Қызылордалық Төребекова Ғалия Қанатбайқызы сыны көп бұл салада орнын тапқан жан.
Ғалия Қанатбайқызы жеке кәсіпкер ретінде 2010 жылы тіркелген. Тоқыма бұйымдары, оның ішінде ұлттық киімдерді (киім, сыртқы, күнделікті, салтанатты) тігіп, сатумен айналысты Ғалияның қолынан шыққан бұйымдар мен киімдерге жұрттың сұранысы мол болды.
Ұлттық көйлектер мен костюмдер тігу, клиенттің тапсырысы бойынша әртүрлі логотиптер тігу және кейбір күрделі маталармен жұмыс істеу үшін арнайы тігін жабдығы қажет. Кәсіпкер ұлттық киімдердің өз дизайнерлік коллекциясын құрып, жеке тапсырыспен жұмыс істеу үшін қосымша құрал-жабдық сатып алып, айналым қаражатын толықтырмақ болды.
Тігіншінің талабын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ құптап 2019 жылдың жаз айында несие берді. «Даму» Қорына жүгінген кәсіпкер «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша мөлшерлеменің 7%-ын субсидиялады.