Қызылордада ерікті ұлттық шолудың кезекті талқылауы өтті
Қызылордада ерікті ұлттық шолудың кезекті талқылауы өтті.
Мұндай талқылаулар Қазақстанның барлық өңірлік орталықтарында өтілу күтілуде. Басқосуға Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Якуп Бериш, облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова және Швеция елшілігінің, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері қатысты.
Басты мақсат - тұрақты дамудың экологиялық аспектісіне үлес қосатын ұсынымдарға баса назар аудара отырып, «Стокгольм+50» ұлттық диалогты бастау.
Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілінің айтуынша, қатысушыларға Қазақстанның ұлттық деңгейде айқындалатын үлесін, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын және ұлттық деңгейдегі басқа да саясаттар мен шараларды жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды мәлімдеуге мүмкіндік беріледі. Талқылау нәтижелері осы жылғы маусымда Швецияның Стокгольм қаласында өтетін халықаралық кездесуде ұсынылып, «Стокгольм+50» жаһандық есебіне кіретін болады.
Айта кету керек, Қазақстан алғаш рет 2019 жылы Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының жоғары деңгейдегі Саяси форумында Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша өзінің ерікті ұлттық шолуын ұсынды. 2022 жылғы шілдеде Қазақстан Нью-Йорктегі БҰҰ алаңында өзінің екінші Ерікті ұлттық шолуын ұсынады.
Жалпы, Ерікті ұлттық шолулар елдер арасында тәжірибе алмасу үшін қажет.