Қызылордада вирусын жұқтырғандар саны 425 адамға жетті
Бүгін 2 шілдеде сағат 09:30 уақыты бойынша аймағымызда "Covid-19" вирусын жұқтырғандар қатары 425-ке жетті.
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Соңғы тәулікте 23 дерек тіркелді. Анықталған 23 жағдайдың 20-сы Қызылорда қаласынан, 3-уі Жаңақорған ауданынан тіркелді.
Бүгінгі күнге инфекциялық стационарда 178 науқас ем алуда. Оның ішінде 4 науқас жансақтау бөлімінде. Екеуінің жағдайы өте ауыр деп бағалануда, ИВЛ аппаратына қосылған. Екеуі ауыр күйінде қалуда.
Айта кетейік, аймағымызда бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясының 425 дерегі тіркеліп отыр. (Қызылорда қаласында – 217 жағдай, Арал ауданы – 47, Қазалы ауданы – 7, Қармақшы ауданы – 7, Сырдария ауданы – 27, Шиелі ауданы – 75, Жаңақорған ауданы – 45).