Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аралдың орталық мешітіне имам тағайындалды

Аралдың орталық мешітіне имам тағайындалдыАрал ауданы орталық мешітінің бас имамы тағайындалды. Бұл жөнінде аудан әкімдігі мәлім етті.
Арал ауданы Орталық мешітінің бас имамы Мәжит Әбіштегін дін жолында атқарған қызметі үшін аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттап, шапан жауып шығарып салды. 
Бас мүфтидің бұйрығымен Арал ауданының Орталық мешітінің бас имамы болып Сейізбек Евимханұлы тағайындалды.
Қызылорда облыстық орталық мешітінің өкіл имамы Талғат Омаров Арал ауданында қасиетті жұма күні жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтып, жұма намазынан кейін халыққа жаңа имамды таныстырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: