Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық кәсіпкер үшінші тігін шеберханасын ашты

Қызылорда қаласында кәсіпкер-жоба бастамашыларымен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке қолдау бағдарламалары аясында жаңадан жұмыс көздері ашылып, қала тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылуда.
Соның бірі, қызылордалық жеке кәсіпкер Ж.Құлмырзаева "Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау" АҚ арқылы "Қолдау кредиттеу" бағдарламасымен жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін дөңгелетуде. Іскер кәсіпкер бүгін Сырдария мөлтек ауданынан жаңадан тігін шеберханасының үшінші нүктесін ашты.
Айта кету керек, «Кәсіпкерлікті қолдау жылы» аясында қалада айтарлықтай оң өзгерістер қалыптасқан. Оның нақты дәлелі, облыс бойынша нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің 49 пайызы – Қызылорда қаласының үлесінде болуы (қала бойынша барлығы 25 903 нысан).


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: