Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Алимент бойынша берешегі 424 мың теңгеден асқан

Алимент бойынша берешегі 424 мың теңгеден асқанАрал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 524-бабымен азамат М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Арал аудандық сотының хабарлауынша, құқық бұзушы М. Арал  аудандық сотының сот бұйрығымен өндіріп алушы Е.-ның пайдасына баласын күтіп бағу үшін өндірілген алиментті осы уақытқа дейін төлемей, сот актісін орындамаған.
Оның алимент бойынша берешегі 424 699 теңгеден асқан. Құқық бұзушы М. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 524-бабымен кінәлі деп танылып, бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды. Қаулы заңды күшіне енбеген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: