Арал ауданындағы қуаңшылық мәселесіне орай осыдан бір апта бұрын жалағаштық жастардың "Жастардан жәрдем" атты акция аясында қолына орақ алып, шабындық жерлерден шөп ору жұмысына кіріскен болатын.
Бүгін Жалағаш жастарының аманаты ауданға жетіп, орылған 650 бума пішен шөбі ауданға қарасты Аралқұм ауылына жеткізілді.
Ауданның ерікті жастары арнайы жүк көліктеріне тиелген мал азығын түсіріп алу, үлестіру жұмыстарына жұмылдырылды. Жеткізілген шөп бірінші кезекте мал ұстап отырған тұрмысы төмен отбасыларға тегін үлестірілуде.