Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА «НҰР ОРДА» ЖАҢА МӨЛТЕК АУДАНЫ АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «НҰР ОРДА» ЖАҢА МӨЛТЕК АУДАНЫ АШЫЛДЫ

 

13 желтоқсан күні Қызылордада жалпы саны 820 пәтерді құрайтын көпқабатты 16 тұрғын үй ел игілігіне берілді. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Айдар Әріпханов жаңа қоныс иелерін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен және баспаналы болуларымен құттықтады. 
«Нұр Орда» мөлтек ауданындағы бұл үйлер «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынды. Мөлтек ауданда көпқабатты 20 үйдің құрылысы жүруде, оның 12-сі (600 пәтер) «БәйтерекДевелопмент» АҚ, ал 8-і (420 пәтер) «ҚазақстанныңТұрғынҮйҚұрылысЖинақБанкі» АҚ мен бірлесіп жүзеге асырылуда. 
Айта кету керек, жергілікті билік тұрғындардың жеке тұрғын үй құрылысын жүргізулері үшін де көмек қолын созуда. Биыл жаз айында 6600 қызылордалық жеке үй салу үшін қажетті барлық инженерлік-инфрақұрылымы тартылған (су, жарық, газ және автожол) 980 гектар аумақты қамтитын жер телімдерін алды. Ал өткен сенбіде, 10 желтоқсан күні Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде өтініш берген 1380 тұрғын инженерлік-инфрақұрылымы жүргізілген жер телімдеріне ие болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: