Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Достық, бірлік, татулық» атты мерекелік шара өткізілді

«Достық, бірлік, татулық» атты мерекелік шара өткізілдіҚазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы күніне орай (1995 жыл, 1 наурыз) 2015 жылдың 28 ақпанында А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының хатшылығы, «Облыс әкімі аппаратының қоғамдық келісім орталығы» КММ және қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Достық, бірлік, татулық» атты мерекелік шара өткізілді.
Мерекелік кештің мақсаты қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайту, этносаралық бірлікті сақтаудағы Қазақстан халқы Ассамблеямының ролі мен маңыздылығын насихаттау, жастарды  қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу, этнос өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету болып табылады.
Атаулы күнге орай «Славяне» қоғамдық-мәдени бірлестігі, татар, неміс, корей этномәдени бірлестіктерінің ашық есік күні өткізілді.
Сонымен қатар, мәдениет үйінің фойесінде кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара қонақтары фотогалереямен танысты.
Мерекелік бағдарлама Қазақстан халқы Ассамблеясы жайлы бейнероликтен бастау алды. Онда Ассамблеяның 20 жылдық тарихының бейнесі көрсетіліп, бүгінге дейін жеткен жетістіктер қамтылды.
Алғашқы құттықтау сөз Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық хатшылығының басшысы Төрешова Ләйля Бегалықызына берілді. Әрі қарай мерекелік шара қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: