Қызылорда облысының әкімдігі 2017 жылғы 18 мамырда сағат 15.00-де «Байқоңырда бизнес мүмкін бе?» атты ІІ халықаралық интернет форумын» өткізуді жоспарлауда.
Бұл жөнінде Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Интернет-форумның мақсаты – отандық және шетелдік мамандарға Байқоңыр қаласында бизнесті дамыту мүмкіндігін талқылау және шешу жолдарын қарастыру үшін диалог алаңын ұйымдастыру болып табылады.
Форумға ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Құлыбаев Тимур Асқарұлы, «Ресей Федерациясы жер үсті ғарыштық инфрақұрылым нысандарын пайдалану орталығының» өкілі, сондай-ақ, ҚХР, Тәжікстан,Түркіменстан, Беларусь, Молдова, Өзбекстан, Израиль, Ресей, Ұлыбритания, Нидерланды сияқты әлемнің 10 елінен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқан халықаралық компаниялар қатысады.
Интернет-форумның тікелей трансляциясын Facebook және Youtobe әлеуметтік желілері арқылы көруге болады.
Интернет-форумның сәтті өтуі өңірге инвестиция тартуда және Байқоңыр қаласында бизнесті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өту қажет.