Қалалық мәслихаттың мәжіліс залында қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Оған қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.
Мәслихат сессиясы барысында кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылған жұмыстардың қоғамдық рейтингісінің қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті. Республикалық "Біздің депутат" газетінің жүргізген сараптама қорытындысы бойынша №12 "Орталық" сайлау округінен сайланған депутат Илларион Ли "Үздік қалалық мәслихат депутаты" төсбелгісімен марапатталды. Ал, Тасбөгет кенті "Жаңа жұмыс орнын ашу бағытында өсу динамикасына қол жеткізгені үшін", Қызылжарма ауылдық округі "Тұрғындарға несие алуға қолдау көрсеткені үшін", Ақсуат "Салым түсімдерінің арттыру бағытындағы жоғары көрсеткіші үшін" номинацияларының иегері атанды. Сондай-ақ, жыл бойы табысты, нәтижелі жұмыс жасаған қалалық бөлімдердің бірқатар басшылары марапат биігінен көрінді.