Пәтер ұрлықтары қылмыстарын дер кезінде анықтау, алдын алу және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында ағымдағы жылдың 27-29 шілде аралығында облыс көлемінде «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шараның бірінші күнінде полиция қызметкерлерімен пәтер ұрлығы қылмысының 6 дерегі анықталып, аталған қылмыстарды жасаған үшін 7 қылмыскер құрықталды. Барлығына қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар шілде айының 29-на дейін жалғасын болады.