Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қала әкімдігінде "Мектепке жол" акциясы өткізілді

Бүгін, 22 тамызда жаңа оқу жылының қарсаңында Қызылорда қаласы әкімі аппаратының мәжіліс залында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Бұл жөнінде қала әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.
 

Қала әкімдігінде "Мектепке жол" акциясы өткізілді

 

Жақсы істердің жаршысындай болған республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жыл сайын дәстүрлі түрде өз жалғасын тауып келеді. Акцияның басты мақсаты балаларды орта біліммен толық қамтылуына жағдай туғызу, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындау үшін жәрдемдесу. Биылғы акция «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен ұйымдастырылуда. Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған бұл қайырымдылық акцияға 1 тамыздан бастап, қала көлеміндегі әр түрлі сала қызметкерлері, кәсіпкерлер және қаламыздың қайрымды азаматтары белсенді атсалысып келеді. 
Айтулы акция бұдан әрі 30 қыркүйекке дейін жалғасатын болады. Акция барысында қала әкімінің атынан мектеп оқушыларына мектеп құралдары, мектепке қажетті киімдер мен спорттық киімдер үлестірілді.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: