Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 

Облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Бахыт Жақанов мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Марат Делмұқанов жұмыс сапарымен Жаңақорған ауданында болды. 
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Ысқақовты ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларымен таныстыру мақсатында жиын өтті. Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен жиында аудан басшысы Руслан Рүстемов Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде хабарлама жасады. Халықтың жағдайын жақсарту, кәсіпкерлікті дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу, салық базасын ұлғайтып, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын одан әрі дамыту мен қоғамдық саяси жағдайды, тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Ал жиналыстың екінші бөлімінде облыс әкімінің орынбасары несие ұйымдары өкілдерімен кездесіп, шағын несиелердің қайтарымы туралы мәселелерді талқылады. Басқосуға кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім, мекеме басшылары, шағын несие ұйымдары мен кәсіпкерлік палатасы өкілдері қатысты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: