Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 124 адам үйде оқшаулану тәртібін бұзды

Қызылорда облысында 124 адам үйде оқшаулану тәртібін бұзды.


Жыл басынан бері 124 адам үйде оқшаулану тәртібін сақтамаған. Оның 121-і «қызыл»с, 3-і «сары» мәртебеге ие. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабына сәйкес карантин талабын бұзған 2 адамға жалпы көлемі айыппұл салынды. Ал науқастармен қарым-қатынаста болған 3 адамға оқшаулану тәртібін сақтау туралы қаулы шығарылды. 
«Ashyq» жүйесі кәсіпкерлік нысандар қызметі мен эпидемиологиялық ахуал арасындағы теңгерімді сақтау бойынша өз тиімділігін көрсетіп отыр. Бұл жүйеге қызметтің 38 түріне енгізілген. Бүгінгі күні Қызылорда облысында 3 972 нысан «Ashyq» жүйесіне қосылған. Жүйе іске қосылған өткен жылдың сәуірінен бастап «қызыл» және «сары» мәртебе бойынша 1 282 адам карантиндік оқшаулану тәртібін бұзған. Олардың ішінде ПТР-дің оң нәтижесімен 863 науқас және 419 байланыста болған адам бар. 
Ведомство мәліметінше, соңғы уақытта індетке шалдыққан науқастар мен олармен байланыста болған адамдар арасында оқшаулану тәртібін бұзу жағдайлары азаюда. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: