Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҰБТ тапсырушыларға ата-аналар үйден пісіріп әкелген бауырсақ пен жеті шелпек таратты

ҰБТ тапсырушыларға ата-аналар үйден пісіріп әкелген бауырсақ пен жеті шелпек тараттыҚызылордада ҰБТ тапсырушыларға ата-аналар үйден пісіріп әкелген бауырсақ пен жеті шелпек таратты, деп хабарлайды 31 телеарна.
Емтихан қарсаңында күндіз-түні ұйқы көрмей жүргендерге сынақтан сүрінбей өтулерін тіледі. Жиналғандар өздігімен бастама көтеріп, "Бәрі жақсы болады" әнін шырқады. Мәтіні жеңіл, ырғағы ойнақы ән  есептер мен ережелерден шаршағандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, психологиялық тұрғыда сергіткендей әсер қалдырды.
Кеше ғана мектептен түлеп ұшқандардың жүректері бүгін дүрсіл қағып тұр. Түнімен ұйықтамай, уайымдап шыққандары байқалады. Өздерін жұбату үшін ән шырқағандары да сондықтан.  Бала шақтан болашаққа ұмтылғандардың жалғыз арманы ұлттық біріңғай текстілеуден  сүрінбей өту. Ырымға сенген кейбір ата-аналар болса, жеті шелпек  таратып, дұға-тілектерін арнағандарын айтады.
МӘРЗИЯ ЕЛКЕЕВА, ата-ана:
Мешітке бардым, немеремді апардым. Жеті шелпек тараттым. Тоқсанға келген енемнен бата алып кеше.
Расымен, бүгін мектеп түлектері үшін ең жауапты күн. Ата-аналарының, ұстаздарының сенімін арқалаған олар қатты қобалжулы. Тіпті тестке кірмей жатып, сезіміне бой алдырған жеткіншектер де кездесті. Ал, сындарлы сәт артта қалғанда, кейбір түлектер қойылған сұрақтарға көңілдері толмайтындығын жеткізді.
ГҮЛСАРАЙ ШИГАХЫН, түлек:
Тарихты 25-ші сұрақты мүлдем өзгеше қылып тастаған.  Мәтін ретінде берген өте ұзақ. Оны білмедім, көбісі білмейтін шығар. Жаңадан енгізген. Осы жолы ғана.
Білім басшысы Қызылорда облысының ұлттық біріңғай тестілеу  қорытындысы бойынша республикада нешінші орынға тұрақтайтынын әзірге кесіп айту қиын деп отыр. Бірақ дайындық жоғары деңгейде дейді.
БАҚЫТЖАН САЙЛЫБАЕВ, Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы:
Сентябрьден бері қарай бақылап келе жатырмыз. Ай сайын сынама тесттің қорытындысын көрдік. Бірақ балалардың білім деңгейі кейде алға қарай жылжымайды.
Осыдан 2 жыл бұрын өңір басшысы Қырымбек Көшербаев ұлттық іріңғай тестілеуден төмен нәтиже көрсеткен мектеп директорларын жұмыстан босатқан болатын. Биыл да ондай шаралар қолданыла ма жоқ па, ол жағы беймәлім. Белгісі барлық білім мекемелері мен оқушылары білім грантынан дәмелі.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: