Тамыз айының 10-11 жұлдызында «Қамбаш» балалар сауықтыру және қосымша білім беру орталығында кәсіподақтардың жазғы мектебі өткізілді.
Ол Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымы, Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қызылорда облыстық филиалының және Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподақтарының ұйтқы болуымен өткізілді. ҚР Кәсіподақтар Федерациясы XXIV съезінің 2015-2020 жж арналған Стратегиясының мақсаты мен міндеттеріне және заңнамалық құжаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіру, көшбасшылардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту және тәжірибе алмастыру мақсатында жүргізілді.
Семинарға облыс аумағынан, қаладан, аудандардан, ауылдардан 80 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен төрайымдары қатысты. Соның ішінде 45 білім және ғылым қызметкерлері, яғни жалпы орта білім беру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінен қамтылды.
Облыстық білім арттыру институтының Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері Жұбауова Жанар Рзабекқызы –«Кәсіподақтар қозғалысын дамытуда көшбасшылардың жаңашыл әлеуеті» және «Көшбасшылардың тұлғалық қасиеттері» тақырыбында трениг өткізді.
Осы кәсіподақ көшбасшыларының құрамы бұған дейін сәуір айнда да бас қосқан болатын. Бұндай бас қосулар кәсіподақ тарапынан әрі қарай жалғасын табуда.