Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Әкесіне балағат сөздер айтқан

Әкесіне балағат сөздер айтқанҚұқық бұзушы М. өзінің үйінде әкесінің ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, былапыт сөйлеп, елдің мазасын алған. Осылайша ол қадір тұтуға тиісті жанның көңіліне қаяу түсірді.
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының мәліметіне сүйенсек, оған бұрын да отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер үшін әкімшілік жаза қолданылған. Дегенмен, одан еш нәтиже шығармаған. Бір жыл ішінде осы іс-әрекеттерді қайталап, ҚР ӘҚБтК-ң 79-5-бабының 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған. Сотта құқық бұзушы М. кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінетінін білдірді.
Жәбірленуші Ө. өзінің ұлы құқық бұзушы М.-ға заң талаптарына сай шара көруін сұраған. Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотымен құқық бұзушы М.  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 79-5-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 тәулік әкімшілік қамауға алынған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: