Қармақшы ауданында тұрғыны Назарқұлова Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына несие алуға өтінім берген болатын. Өтінімі мақұлданып жеке кәсіпкер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» Қызылорда филиалынан жылқы шаруашылығын дамыту мақсатында 4 млн теңге несие рәсімдеді.
Несиеге 12 бас жылқы сатып алды. Бұл шаруашылықтың қырын толық меңгерген кәсіпкер алдағы уақытта шаруашылығын одан әрі кеңейтіп, жылқы басын көбейтуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры “Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында мал шаруашылығымен айналысамын дейтіндерге 6,5 жылға 6 процентпен 4 млн теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі де бар.