Қызылордада №3 қоғамдық көлік жаңа бағытта қатынайтын болды
Сол жағалау және Сәулет мөлтек ауданы, Белкөл кентінің екінші жақ беті тұрғындарының өтінішіне сәйкес бағыты жаңартылып (Титов тұрғын ауданы 31 үй және Белкөл кенті) №3 қоғамдық көлік жолаушыларға қызмет көрсетуін бастады.
Орта сыйымдылықтағы қоғамдық көліктің 4 данасы бүгінгі күні бағытқа шықты.
Жолаушылардың легі көбеюіне байланысты алдағы уақытта бағыт саны орта сыйымдылықтағы қоғамдық көлікпен қосымша толығатын болады.