Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Дүңгіршектен алқа ұрлаған бойжеткен ұсталды

Дүңгіршектен алқа ұрлаған бойжеткен ұсталдыАғымдағы жылдың 24 желтоқсаны күні  Жедел басқару орталығына жеке кәсіпкерден хабарлама түседі. Онда қала орталығында орналасқан сауда үйіндегі жеке дүңгіршегінен бағасы 175000 теңге тұратын «Броницкий ювелир» алтын алқасы  ұрланғаны айтылған. 
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабаралуынша, жедел жол-патрульді полиция батальоны қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, іс-әрекеті күдік тудырарлық азаматшаны ұстап, тексеру барысында қалтасынан жоғалған алқаны табады. Сұрастыру жұмыстары барысында күдікті ретінде ұсталған азаматшаның 1991 жылы туылған қала тұрғыны екені анықталды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы, 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: