Қармақшы ауданына қарасты Жосалы кентінде тұратын Райкүл Ысқақова Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қызылорда филиалынан 4 млн теңге несие рәсімдеп, 12 бас жылқы сатып алған.
Жылқыларын өсіріп, өнімінен табыс табуды жоспарлаған кәсіпкер қазіргі уақытта қымыз бен жылқы етіне сұраныс жоғары болғандықтан Қамбар ата тұқымын өсіруді таңдадық дейді. Мемлекеттік бағдарламаның көмегімен шағын несие алып, шаруашылықпен айналысып жатқан ауылдықтардың қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді.
Айта кетейік, «Еңбек» бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мал шаруашылығымен айналысамын деген азаматтарға 6,5 жылға 6 процентпен 4 млн теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі тағы бар.