Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 818 карантин талаптарын бұзушылық анықталды 

2020 жылғы 5 шілдеден бастап бүгінгі күнге дейін 24 мониторингтік топтың рейдтік тексерістерімен 3328 нысан қамтылды. 
Нәтижесінде 818 карантин талаптарын бұзушылық анықталды. Оның ішінде халыққа қызмет көрсету нысандарындағы бұзушылық саны – 388, үй жағдайларында ұйымдастырылған мерекелік-көпшілік іс-шаралар саны-411 және көшедегі топтық жиналулар саны-19. 
Анықталған 818 карантин талаптарын бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-тің 425-бабының 1-бөлігімен жалпы сомасы 38 253 060 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.  
Карантин талаптарын бұзушылықтың басым бөлігі үй жағдайында көпшілік жиын ұйымдастыруға қатысты және қоғамдық тамақтану орындары, азық-түлік сауда орындарына қатысты анықталған. Оның ішінде жеке кәсіпкерлікке қатысты-15, нысандарға қатысы бар жеке тұлғаларға-374, ал нысандармен байланысты емес жеке тұлғаларға қатысты 429 әкімшілік хаттама толтырылған.
Халыққа қызмет көрсету орындарындағы карантин талаптарын бұзушылықтың басым бөлігі санитариялық талаптардың сақталмауына қатысты анықталған, яғни  қызметкерлер маскасыз, қорғаныш қолғаптарынсыз халыққа қызмет көрсеткен, сонымен қатар шекті уақыттан асырып жұмысын жалғастырған нысандар да бар.  
Атап айтқанда, 278дерек маска тағу ережесін бұзуға және әлеуметтік арақашықтықты сақтамауға қатысты, жұмыс жасау уақытының шектелуін бұзу бойынша – 64, тыйым салынған нысандардың қызмет көрсетуі бойынша – 32, залалсыздандыру талаптарының сақталмауы бойынша– 14 талап бұзушылық орын алды.  
08.11.2020 жылы облыс бойынша бірде-бір карантин талаптарын бұзушылық анықталған жоқ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: