Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық полицейлер 118 келі есірткі затын тәркіледі

Қызылордалық полицейлер былтыр заңсыз айналымнан 118 келіге жуық есірткі затын тәркіледі. 


Облыста өткен жылы есірткінің заңсыз айналымына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірынғай тізіліміне 212 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Оның 28-і есірткі затын сату, 19-ы есірткі затын аса ірі мөлшерде сақтау, 43-і сора өсімдігін егу,  6-ы есірткіні жарнамалауға қатысты. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабын бойынша қылмыстық теріс қылықтың 116 дерегі анықталған. Онда есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу жағдайы көрсетілген. 
«Жыл бойы заңсыз айналымнан барлығы 118 келіге жуық есірткі заты алынды. Оның 7 кгелі 307 грамы  гашиш болса, 1 келісі синтетикалық заттар, қалғаны - сора өсімдігі. Нашақорлық  пен  есірткі  қылмыстарының  алдын  алу  мақсатында департаменттің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы алдын алу  жұмыстарын жүзеге асырып келеді. Бұл бағытта 362 профилактикалық іс-шаралар өткізілді», - деп атап өтті Қызылорда облыстық полиция департаментінен. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: