Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 56 жастағы тұрғын велосипед ұрлады

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері велосипед ұрлығының дерегі бойынша күдікті азаматты қолға түсірді. Жеңіл олжаға кенелгісі келген ол 56 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Күдікті күндізгі уақытта қала шетінде орналасқан көпқабатты үйлердің подъездің бірінен велосипедті ұрлаған.
Қазіргі уақытта күдіктінің облыс орталығының аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Ұрланған велосипед иесіне қайтарылды.
Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: