Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордаға шетелдік туристер көбірек келетін болды

Қызылордаға шетелдік туристер көбірек келетін болдыҚызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының өкілдері Лондон қаласанда өткен «World Travel Market 2014» бүкіләлемдік туристік көрмеге қатысты. Аталған көрме деңгейі жағынан туризм индустриясында Берлин (1-орын) және Мадридтен (2-орын) кейінгі үшінші орында.
Туристік көрменің 35 жылдық мерейтойына 200-ге жуық мемлекеттен 50 мыңнан аса туризм индустриясының өкілдері қатысты.
Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін Астана, Алматы қалалары, және Алматы, Павлодар, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда  облыстары таныстырды.
Қызылорда облысының туристік имиджін көрсететін 200 жолсілтеме, 300 ақпараттық флаер, 100 Байқоңыр ғарыш айлағы туралы диск, 100 аймағымыздың инвестициялық мүмкіндіктері кітабы, 250 күнтізбе, 200 футболка, бейсболка, 200 қаламасап және 150 қолөнер шеберлерінің кітабын ұсынылды.
Көрмеде туризм индустриясының жетекші өкілдерімен 37 іскерлік кездесу өткізілді. Оның ішінде Бүкіләлемдік туристік ұйым, FVW Medien Gruppe (Чех Республикасы) және Quality Tours (Германия) т.д. атап айтуға болады.
Іскерлік кездесу барысында потенциалды серіктестер Арал ауданындағы Кемелер қорымы, Байқоңыр ғарыш айлағына қызығушылық білдірді. 2015 жылғы маусым айынан бастап Германия және Италия елдерінің ірі туроператорлары Гебеко, Гутч, Куолити Трэвэлс өз елдерінен өңірімізге туристер әкелуді жоспарлауда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: