Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалыда Басықара каналына су жіберілді

16 наурыздан бастап Сырдария өзені мұз құрсауынан тазаруына байланысты «Оң жаға» арнасынан саға алатын Басықара каналына су жіберілді. 
Негізгі мақсат – көктемгі экологиялық судың есебінен Әйтеке би кентінің Қарақұм беткейіндегі «Құмкөл», «Марқакөл» және тағы басқа көлдер мен жайылымдықтарға су жіберу.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев облыстық мәслихат депутаттары Ібайдулла Тілеп, Мнажадин Өтеевтермен бірге «Құмкөл», «Марқакөл» және тағы басқа көлдеріне су жіберетін «Абдулла аша» каналына арнайы барып, көлдер мен жайылымдықтарға су жіберу мәселесін талқылады.
Айта кетейік, «Абдулла аша» каналына «Қазалысушар» өндірістік учаскесі арқылы механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: