Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жаңақорғанда ауыл әкімдері сайланды

Жаңақорғанда ауыл әкімдері сайландыАпта ағымында аудан көлемінде өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылған Жаңақорған кенті мен Қаратөбе, Сүттіқұдық ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.
"Ордакент" ардагерлер, жастар ресурстық орталығындағы аудандық сайлау комиссиясы үйінде өткен сайлауға ҮЕҰ- төрағасы, БАҚ өкілі, бақылаушылар қатысты. Бірінші кезекте аудандық мәслихат хатшысының уақытша міндетін атқарушы С.Ысқақов пен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ә.Төлегенов таңдаушыларға сайлау ережелері туралы толық ақпаратты түсіндірді.
Аудандық мәслихат депутаттарының 14 таңдаушысы дауыс берген науқан нәтижесі төмендегідей болды.
Жаңақорған кенті әкіміне үміткерлер: Қ.Сапарбаев-14 дауыс, Б.Ибрагимов- 0.
Сүттіқұдық ауылдық округі әкіміне үміткерлер; М.Абдуллаев-8 дауыс, Н.Жаңабеков- 6 дауыс.
Қаратөбе ауылдық округі әкіміне үміткерлер; Қ.Қалдыбаев- 14 дауыс, Е.Тұралбаев- 0 дауыс жинады.
Айта кету керек, сайлау барысында ешқандай заң бұзушылық орын алмады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: