Қазақстанның қай аймағында күн жылынатыны белгілі болды
Синоптиктер елімізде 2020 жылдың 8-10 желтоқсанында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазгидромет алдағы күндері қар жауып, ауа температурасының жоғарылауы байқалатынын хабарлады.
"Обь өзенінің теңізге құйылған жерінен Қазақстан аумағына қарай жылжып келе жатқан циклон жырасы өзімен бірге қар түрінде жауын-шашын және ауа температурасының көтерілуіне әкеледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, боранмен күшті жел байқалатын болады", - дейді синоптиктер.