Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жаңақорғанда тамыз кеңесі болып өтті

Жаңақорғанда тамыз кеңесі болып өттіАудандық мәдениет үйінде Жаңақорған ауданы мұғалімдерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Алқалы жиында өткен оқу жылының жұмыс қорытындылары баяндалып, алдағы міндеттер талқыланды. Конференция жұмысына аудан әкімі Руслан Рүстемов модераторлық жасады. 
«Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдарлану» тақырыбында өткен мәслихатта аудандық білім беру бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов баяндама жасап, мектепалды білім берудің дамуы мен кәсіби білім беру деңгейінің артуы жөнінде хабарлама жасады. 
Баяндамашының сөзінен белгілі болғандай; жаңа оқу жылын ауданда 15 мыңнан астам оқушы мен 42 жалпы білім беретін, 99 мектепке дейінгі ұйым, 3 мектептен тыс мекеме, 1 жалпы білім беретін кешкі мектеп, 1 жазғы тынығу лагерімен бастағалы отыр. Соңғы 3 жылда ауданда 10 мектеп жаңадан пайдалануға берілген. Ал, апаттық жағдайдағы Талап бекетіндегі №254 негізгі мектепке 100 орындық жаңа мектеп құрылысы салынуда. Жаңа білім ордасы 2015 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілмекші. 
2014- 2015 оқу жылының 1-ші қыркүйегінен бастап 1-сынып оқитын 1929 оқушы және 2-сынып оқитын 1548 оқушы толықтай тегін ыстық тамақпен қамтылған. 
Ал, «Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі ұйымдар саны жылдан- жылға артуда. Мысалы: 2014 жылы жалпы аудан бойынша 82 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасаса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 99-ға жеткен.
Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге 880 мектеп бітірушінің 519-ы қатысып, нәтижесінде ауданның орта баллы 81,6 құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,1 пайызға артқан деген сөз. Алтын белгіге ұсынылған 14 бітірушінің 10-ы өз білімдерін қорғап шыққан. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: