Бүгін Жалағаш ауданы Аққұм ауылдық округінде еңбек ардагері Бимұрат Ақдәулетов атындағы көшенің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.
Шараға жиналған жұртшылық алдымен ауыл орталығындағы соғыстан қайтпаған боздақтарға арналған ескерткіш маңында құран бағыштап, гүл шоқтарын қойып, ауыл орталығында көшенің ашылу салтанатына жиналды.
Көшенің ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов Б.Ақдәулетовтың өмірбаяны туралы жұртшылыққа таныстыра отырып, ауыл тұрғындарын облыс әкімінің атынан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығымен құттықтады.
Шара қонақтармен ауыл тұрғындарына ұйымдастырылған қонақасымен жалғасын тапты.